“Мамандықтың мәні” атты ашық тәрбие сағаты 10“А” сынып.
Өткізген: Мамытбекова Б.Р.

Новости

Мақсаты:
Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, денсаулығын нығайту және спортқа деген қызығушылығын арттыру; әртүрлі қызықты ойындар мен тапсырмалар арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, төзімділікке тәрбиелеу; командалық жарыс барысында ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа баулу, сондай-ақ әділқазылар бағалауы негізінде жеңімпаздарды анықтап, марапаттау арқылы оқушылардың белсенділігін көтермелеу.

Видео

Новости

Мақсаты:
Оқушыларға еңбек пен мамандықтың өмірдегі маңызын және тазалықтың адам мен қоршаған орта үшін қажеттілігін түсіндіру. Әр мамандықтың қоғамға пайдалы екенін ұғындырып, еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқысты дұрыс сұрыптауға (қағаз, пластик, шыны) үйрету арқылы жауапкершілік, ұқыптылық және экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Видео

Новости

«Еңбек – адамның ең асыл қазынасы» атты тәрбиешілер айлығы аясында, 1–28 сәуір аралығындағы жоспарға сәйкес, 3 сәуір күні сағат 08:30-де «Еңбек құралын тап» тақырыбында көңілді үзіліс өткізілді.

Іс-шараны Абилезова Ж.Т. және Абдилдаева А.Б. ұйымдастырды. Шара барысында оқушыларға көздерін жұмып, еңбек құралдарын анықтау және олардың қолданылу мақсатын түсіндіру тапсырмалары берілді.

Іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, еңбекке деген қызығушылығын қалыптастыруға және оларды өмірмен байланыстыра отырып тәрбиелеуге бағытталды. Соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

Видео

Новости