«Еңбек – адамның ең асыл қазынасы» атты тәрбиешілер айлығы аясында, 1–28 сәуір аралығындағы жоспарға сәйкес, 3 сәуір күні сағат 08:30-де «Еңбек құралын тап» тақырыбында көңілді үзіліс өткізілді.

Іс-шараны Абилезова Ж.Т. және Абдилдаева А.Б. ұйымдастырды. Шара барысында оқушыларға көздерін жұмып, еңбек құралдарын анықтау және олардың қолданылу мақсатын түсіндіру тапсырмалары берілді.

Іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, еңбекке деген қызығушылығын қалыптастыруға және оларды өмірмен байланыстыра отырып тәрбиелеуге бағытталды. Соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.

Видео