ТОО *Royal Cars* директоры Қонұсбай Санжар Ермекұлына және ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жылдық мереке қарсаңында 172 балаға өздері қалаған сыйлықтарды үйлестіріп, үлкен қуаныш сыйладыңыздар.
Балалардың жүрегіне жылулық ұялатып, мерекелік көңіл күй сыйлаған аса ізгі қамқорлықтарыңыз – нағыз адамгершіліктің жарқын үлгісі.
Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, істеріңізге береке тілейміз!
Жаңа жылдық қуаныш сыйлаған жомарт жандарға алғыс!
*Hilti Kazakhstan* компаниясының ұжымы 172 оқушыға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар тарту етті.
Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш — сіздердің ізгі ниеттеріңіздің айғағы.
Жомарт жүректеріңіз, мейірім мен қамқорлыққа толы бастамаларыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жыл әр шаңыраққа береке, жақсылық пен мол табыс әкелсін!
№2 облыстық арнайы мектеп-интернатының 82 оқушысы мен Түзету кабинетінің 70 тәрбиеленушісіне арналған қайырымдылық «Жаңа жылдық шырша» іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Аталған игі бастаманың негізгі демеушісі — Н. Назарбаев қоры, қор құрылтайшысы Тәжімұрат Азамат Бақтыбайұлы, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушы — Азамат әлеуеті жеке қайырымдылық қоры президенті Сейсенова Алмагүл Даулетқазиевна тарапынан көрсетілген қолдау үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен жанашырлықтарыңыз әлеуметтік маңызы бар бастамалардың дамуына зор үлес қосып, балаларға қуаныш пен үміт сыйлауда.
Балалар музейге барып, тарихи және мәдени құндылықтармен танысып, ерекше әсер алып қайтты. Танымдық экскурсия балалардың ой-өрісін кеңейтіп, үлкен қызығушылық тудырды.

Көңілді жексенбі күні балалар түрлі ойындар ойнады. Іс-шара өте қызықты өтті. Балалар қызығып, қуанып, барлық ойындарға бар ынтасымен қатысты. Ойын барысында олар жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйреніп, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуді меңгерді. Сонымен қатар үлкендерді сыйлауға, тәртіп сақтауға дағдыланды.
Психиатр дәрігер Тлеумбетова Л.А. оқушылар арасында “Мен ашуланғанда немесе мазасызданғанда не істеймін?” тақырыбында әңгіме өткізді.
