🌿 6 «А» сыныбының оқушылары шырша бүрлері мен ағаш таяқшаларынан адам мүсіндерін жасады. 🌲✨
Тәрбиеші: Қалиева М.Н.
🌿 «Табиғаттан туған ару» 🍂
9 «В» сынып оқушылары табиғи материалдарды пайдалана отырып, өз қолдарымен қыз бейнесін жасады.
Әр оқушы өз қиялы мен шығармашылығын көрсете отырып, табиғаттың қарапайым сыйларынан әсем бейне жасады. ❤️
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеті мен қиялын дамыту, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және табиғатты бағалауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Абдилдаева А.Б.

Сенбі кезекшілігін жүргізген: Абдилдаева А.Б.
Тақырыбы: «Күлкіге толы көңілді сәттер».
«Көңілді сенбі» аясында балалармен қызықты ойындар ұйымдастырылып, олардың жылдамдығы, зейіні, шыдамдылығы мен ойлау қабілеті дамытылды. Бірге ойнап, жарысып, бір-біріне қолдау көрсету арқылы балаларға қуаныш, күлкі, жағымды эмоция және көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Тақырыбы: “Көңілді эстафета–шапшаңдық пен достық алаңы”.
Мақсаты: Оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру, шапшаңдық, ептілік, дәлдік және төзімділік қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, бір-біріне көмектесуге және спортты сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Абилезова Ж.Т.
Тақырыбы: «Қарапайым кірпі жасау» 🦔 9 «В» сынып оқушылары, тәрбиешісі Абдилдаева А.Б., мектеп ауласынан жинаған қарағай қылқандары мен ермексаздан кірпі жасады. Әрбір қылқан — баланың шыдамдылығы мен ұқыптылығының көрінісі. Сырттай тікенекті болғанымен, табиғаттың осы кішкентай бөлшектері балалардың жүрегіне жылу мен жұмсақ сезім сыйлайды. Қарапайым дүниеден әдемілік жасау — балалардың кішкентай сиқыры. ❤️

«Тойота Кар» ұжымы оқушыларымызға тарту еткен жеміс ағаштары бүгінде өз жемісін беруде.
Бұл игі бастама — оқушыларға табиғатты аялауды, еңбекқорлықты және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды үйрететін тағылымды іс.
Жеміс ағаштарының жайқалып өсіп, алғашқы өнімін беруі — жас ұрпаққа жасалған қамқорлықтың жемісі. Оқушыларымыз тарту етілген көшеттерге дән риза болып, олардың жемісін қуанышпен көріп отыр.


Тілдер мерекесіне орай «Тіл — ұлттың жаны» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.
Жауаптылар: Отарбаева Б.Ж., Калниязова С.Е.