❄️ «Қыстың қамын жаз ойла»

9-сынып оқушылары тәрбиеші Абдилдаева А.Б. жетекшілігімен «Қыстың қамын жаз ойла» тақырыбында ерекше композиция дайындады. Оқушылар қыс мезгіліне алдын ала дайындалу, жылы әрі қалың киім кию, азық-түлік қорын әзірлеу сияқты маңызды тұрмыстық дағдыларды шығармашылық жұмыс арқылы көрсетті. Бұл жұмыс балалардың еңбекке баулу, өздігінен өмір сүруге бейімдеу және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.