№2 облыстық арнайы мектеп-интернатында 2026 жылдың 17 ақпан күні 5-10 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық дәріс оқылды. Іс-шараға Еңбекшіқазақ ауданы Ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Жақыпов Дәулет Адлетұлы, Ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Сади Меиржан Мәлікұлы қатысты.
Мақсаты:
— Оқушыларға құқық бұзушылықтың түрлері, себептері мен салдары туралы түсінік беру;
— Заңға бағыну, жауапкершілік, адалдық секілді құқықтық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;

Новости

«Тіл — ұлттың жаны» атты көркем сөз оқу сайысы.
Жауаптылар: Есенова С.А., Қалниязова С.Е.

 

Видео

Новости

11.02.26ж мектебімізде “Әнші балапан” байқауы өтті. Ұйымдастырушы: музыка пәні мұғалімі Елеуова А.Б Ұйымдастырылған «Әнші балапан» ерекше әсерге толы болды. Байқауға қатысқан жас өнерпаздар өздерінің таланттарын көрсетіп, сахнада жарқырай алды.
Балалардың әсем дауысы мен орындаушылық шеберлігі көрермендерді тәнті етті. Әсіресе, аналарына, әжелеріне, тұған жерге арналған жүрекжарды әндер ерекше ықыласпен орындалды. Бұл мерекелік байқау балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, оларға өз өнерін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік берді.

Қазылар алқасы қатысушылардың сахналық мәдениетін, дауыс мәнерін, ән таңдауын және көрерменмен байланысын бағалап, әділ шешім шығарды. Барлық өнерпаздарға алғыс білдіріп, әр қатысушыға сыйлық тапсырылды.

Видео

Новости

Есенова С.А. 9 «В» сынып оқушыларымен «Экспедиции на луну» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Новости

Алматы облысында қысқы шаңғы спорты бойынша Республикалық «ЖҰЛДЫЗАЙ – 2026» ұлттық инклюзивті ойындарына іріктеу чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Аталған жарыс ерекше білімді қажет ететін спортшылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың мүмкіндіктерін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің табандылығы мен ерік-жігерін, спортқа деген сүйіспеншілігін дәлелдеп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Әрбір спортшының жетістігі — олардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар, бұл чемпионат инклюзивті спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамда тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға зор үлес қосты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! Барша қатысушыларға, жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.
Ұлдар:
Шабден Беглан 500 м — 1 орын
Қуанышұлы Нұрғиса 500м — 2 орын
Қыздар:
Нұрымбаева Мөлдір 400м -1 орын
Мелс Сезім 400м — 2 орын

Видео

Новости