Бүгінгі ерекше мерекеде оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарын жылы лебізбен, үлкен қуанышпен қарсы алды.
Аялаған аналарындай мейірімін төгіп, әрдайым білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек еткен ұстаздарын құрметпен қарсы алған шәкірттердің жүздері бал-бұл жайнап, қуанышқа толы болды.
Бұл мерекеде оқушылар ұстаздарына гүл шоқтарын ұсынып, жүрекжарды тілектерін арнады. Әсем әндер айтылып, жылы сөздер өрбіді.
“Ұстаз – ұлы тұлға, ұстаз – мәңгілік шамшырақ” дегендей, шәкірттер ұстаздарына алғыс пен құрметін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.