Есік қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында «Жұлдызай–2026» Ұлттық инклюзивті ойындарының облыстық іріктеу кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
Спорттық додаға облыстың арнайы білім беру ұйымдарынан келген оқушылар қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынады. Атап айтқанда, жас спортшылар футбол, жеңіл атлетика, асық ату, бес тас және үстел теннисі бойынша өздерінің спорттық шеберліктері мен ептіліктерін көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, жеңіске деген жігері мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсете білді. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жеткен жас спортшылар «Жұлдызай–2026» Ұлттық инклюзивті ойындарының Астана қаласында өтетін финалдық кезеңіне жолдама алды.