«ЖҰЛДЫЗАЙ – 2026»
Еңбекшіқазақ ауданының №2 облыстық арнайы мектеп-интернатында «Жұлдызай – 2026» облыстық инклюзивті іріктеу ойындары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды спортқа баулу, олардың белсенділігін арттыру, қабілеттерін шыңдау және салауатты өмір салтын насихаттау.
Ойын барысында қатысушылар өздерінің ептілігі мен жігерін танытып, тартысты бәсекеде бақ сынады.
Барлық қатысушыларға алдағы уақытта толағай табыс, мықты денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз!
