Алматы қаласында “Баскетбол” ойынынан европалық апталыққа орай, “Special Olympics”-тің ұйымдастыруымен республикалық турнир өтті. Жарысқа 15-21 жастағы атлеттерден құралған 8-команда қатысты. Ажхан Индира, Ораз Нұржан баптаған мектебіміздің командасы Ақтөбе, Павлодар командаларынан кейінгі жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Республикалық турнирде жеңімпаз атанған оқушыларымызбен ұстаздарымызды құттықтаймыз.

Новости

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамассыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының 28-тармағын іске асыру шеңберінде. Мектебімізде “Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану” тақырыбында жиын өтті. Жауаптылар: Еркебеков А.Қ., Молдакулова Н.Т., Калдыбекова К.Т.

Новости

Алматы облысы балалар жасөспірімдер спорттық туризм және экскурсиялар орталығының ұйымдастырумен өткен. Практикаға арналған өлкетану жарысында, 8-10 арасында, 3-орынды мектебіміздің “Дружба” командасы иеленді.

Новости

Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: “Балаларға арналған өмір” республикалық онкүндікті ұйымдастыру және өткізу бойынша.
«Балалық шақты бірге қорғайық» тақырыбында
«№2 облыстық арнайы мектеп-интераты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жиын өткізілді. Жиынға Еңбекшіқазақ ауданының Ювеналдық полиция тобының инспекторлары арнайы шақыртырылды. Мақсаты: Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

1.Еңбекшіқазақ ауданы Ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Сами Дамир.
2. Еңбекшіқазақ ауданы Ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция лейтенанты Толепов Қуаныш.
3. Еңбекшіқазақ ауданы Ювеналдық полиция тобының инспекторы полиция аға сержанты Сади Мейіржан.

Новости