Жаңа жылдық қуаныш сыйлаған жомарт жандарға алғыс!
*Hilti Kazakhstan* компаниясының ұжымы 172 оқушыға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар тарту етті.
Балалардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш — сіздердің ізгі ниеттеріңіздің айғағы.
Жомарт жүректеріңіз, мейірім мен қамқорлыққа толы бастамаларыңыз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жыл әр шаңыраққа береке, жақсылық пен мол табыс әкелсін!

Видео

Новости

Уважаемая Зотова Л.Н.!
Выражаем Вам искреннюю благодарность за оказанную поддержку и внимание к нашим ученикам. Благодаря Вашей заботе 172 ребёнка получили сладкие новогодние подарки и праздничное настроение. Желаем Вам крепкого здоровья, благополучия и успехов во всех добрых делах!

Видео

Новости

№2 облыстық арнайы мектеп-интернатының 82 оқушысы мен Түзету кабинетінің 70 тәрбиеленушісіне арналған қайырымдылық «Жаңа жылдық шырша» іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
Аталған игі бастаманың негізгі демеушісі — Н. Назарбаев қоры, қор құрылтайшысы Тәжімұрат Азамат Бақтыбайұлы, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастырушы — Азамат әлеуеті жеке қайырымдылық қоры президенті Сейсенова Алмагүл Даулетқазиевна тарапынан көрсетілген қолдау үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен жанашырлықтарыңыз әлеуметтік маңызы бар бастамалардың дамуына зор үлес қосып, балаларға қуаныш пен үміт сыйлауда.

Видео

Новости

Балалар музейге барып, тарихи және мәдени құндылықтармен танысып, ерекше әсер алып қайтты. Танымдық экскурсия балалардың ой-өрісін кеңейтіп, үлкен қызығушылық тудырды.

Новости

Көңілді жексенбі күні балалар түрлі ойындар ойнады. Іс-шара өте қызықты өтті. Балалар қызығып, қуанып, барлық ойындарға бар ынтасымен қатысты. Ойын барысында олар жылдамдыққа, шапшаңдыққа үйреніп, бір-бірімен ынтымақтаса жұмыс істеуді меңгерді. Сонымен қатар үлкендерді сыйлауға, тәртіп сақтауға дағдыланды.

Видео

Новости

Психиатр дәрігер Тлеумбетова Л.А. оқушылар арасында “Мен ашуланғанда немесе мазасызданғанда не істеймін?” тақырыбында әңгіме өткізді.

Новости

Ашық сабақтың тақырыбы: «Өнерлі қол – бақыт кілті». Сабақ барысында балалар кепкен жемістерден әсем жеміс шоғынын жасауды үйренді. Оқушылар жұмысқа қызыға қатысып, белсенділік танытты. Шығармашылық тапсырма арқылы олардың қол икемділігі мен талғамы дамыды. Сонымен қатар, бұл сабақтың негізгі мақсаты: болашақта осындай жеміс шоғын жасап, оны сатуға болатынын түсіндіру арқылы балаларды жеке кәсіпкерлікке баулу болды.
Тәрбиеші: Мынбосынова Ш.К.

Видео

Новости