11.02.26ж мектебімізде “Әнші балапан” байқауы өтті. Ұйымдастырушы: музыка пәні мұғалімі Елеуова А.Б Ұйымдастырылған «Әнші балапан» ерекше әсерге толы болды. Байқауға қатысқан жас өнерпаздар өздерінің таланттарын көрсетіп, сахнада жарқырай алды.
Балалардың әсем дауысы мен орындаушылық шеберлігі көрермендерді тәнті етті. Әсіресе, аналарына, әжелеріне, тұған жерге арналған жүрекжарды әндер ерекше ықыласпен орындалды. Бұл мерекелік байқау балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, оларға өз өнерін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік берді.
Қазылар алқасы қатысушылардың сахналық мәдениетін, дауыс мәнерін, ән таңдауын және көрерменмен байланысын бағалап, әділ шешім шығарды. Барлық өнерпаздарға алғыс білдіріп, әр қатысушыға сыйлық тапсырылды.
