Алматы облысында қысқы шаңғы спорты бойынша Республикалық «ЖҰЛДЫЗАЙ – 2026» ұлттық инклюзивті ойындарына іріктеу чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Аталған жарыс ерекше білімді қажет ететін спортшылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың мүмкіндіктерін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің табандылығы мен ерік-жігерін, спортқа деген сүйіспеншілігін дәлелдеп, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Әрбір спортшының жетістігі — олардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар, бұл чемпионат инклюзивті спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамда тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға зор үлес қосты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілейміз! Барша қатысушыларға, жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз.
Ұлдар:
Шабден Беглан 500 м — 1 орын
Қуанышұлы Нұрғиса 500м — 2 орын
Қыздар:
Нұрымбаева Мөлдір 400м -1 орын
Мелс Сезім 400м — 2 орын

Видео