11 желтоқсан күні, Тәуелсіздік күніне орай Есік қаласындағы №2 облыстық арнайы мектеп-интернатта Қаракемер мәдениет үйінің директоры, ҚР мәдениет саласының үздігі, әнші-сазгер, Аманат партиясының мүшесі Арайлым Мамырбекқызының “Баба дала баяны” атты шығармашылық кеші өтті.
Осынау қайырымдылық шара барысында мәдениет үйіміздің вокал үйірмесінің шәкірттері мен мәдениет үйі қызметкерлері автордың шығармаларын орындады.
Арнайы мектеп-интернаттың ерекше балалары патриоттық әндер мен балалар әндеріне шаттана қол шапалақтап,билеп шаттанып қалды.

Іс-шара соңында мектеп-интернат директоры Арайлым Мамырбекқызына Алғыс хат, гүл шоқтары және мектеп-интернат оқушыларының қолдан жасаған естелік сыйлығын табыстады. Балалардың ерекше қуанғанын атап өтіп,осындай концерттер жиі болса деп қалды. Өз кезегінде Арайлым Мамырбекқызы да сөз алыр, аталған білім ордасына өзінің «Баба дала баяны» атты әндер жинағын тарту етті.

Видео