Мектебімізде қайырымдылық күніне орай жәрмеңке ұйымдастырылды. Қайырымдылық жәрмеңкесі – мейірімділік пен бірліктің жарқын көрінісі. Бұл шара адамдарды жақсылық жасауға, көмек қолын созуға ынталандырады. Жәрмеңкеге қатысушылар өз қолөнер бұйымдарын, тағамдарын немесе басқа да тауарларын ұсыну арқылы игі іске үлес қосады. Мұндай іс-шаралар тек көмек қана емес, қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты арттыруға да ықпал етеді. Жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуі – ұйымдастырушылар мен қатысушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесі. Қайырымдылық жасау – жүректен шыққан шынайы ізгілік!

Видео