«ЕРКІН ЕЛ ҰРПАҒЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ДИКТАНТЫ.
Бүгін мектеп-интернаттың 2-9 сынып оқушылары Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында республика көлемінде ұйымдастырылған «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктантын жазуға қатысты. Шараның мақсаты — еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу.
Аталған шара еліміздің барлық аймақтарында сағат 11:00-де бір уақытта өткізілді.