Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау

           Алматы облысы №2 облыстық арнайы мектеп-интернаты «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен арнайы жабдықтармен толықты.

   Ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты логопед, әлеуметтік- тұмыстық бағдар,психолог кабинеті және спорт залы жаңартылып,жабдықталды.

   Ыңғайлы жиһаз, интерактивті панель, компьютер, сөйлеу тренажерлары, баланы дамытуға арналған жаңа тактильді және сенсорлық жабдықтармен толықтырылды. Осының бәрі балалардың таным қабілеттерін дамытып, болашақта әлеуметтік ортада өз орнын табуға көмек береді.

       Жабдықтардың презентациясы 1наурыз күні «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Жәмішев Болат Бидахметовичтің, Алматы облыстық басқарма басшысы Беспаева Салтанат Дауыспековнаның, «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» РММ директоры Кудеринова Айгерим Мерекеевнаның, «Kazdidac» Ассоциация председателі Казанцев Константин Алексеевичтің қатысуымен өтті. «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішев таныстырылым кезінде жобаның басты міндеті- ерекше білім беруді қажет ететін мектептерді дамыту болып табылатынын айтты.